Синоптиктер болжамы: Қазақстанның солтүстігінде күн күрт суытады

Түнде ауа температурасы кей жерлерде 5 градусқа дейін төмендейді.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 2-4 қарашада Қазақстанның солтүстік жартысында күн суытса, оңтүстік жартысында аздап жылы болады.

Республиканың солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін жылы болады.

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз 15-20 градус, түнде -3...+5 градус аралығында болады.


Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер


"Қазақстанның солтүстік жартысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады және жел күшейеді. Елдің оңтүстік бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең республика бойынша тұман түседі", – деп жазылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз