Шілдеде құрғақшылық болатын облыстар белгілі болды
Шілдеде еліміздің көп аумағында ылғал нормаға сай болады.Синоптиктер шілдеде құрғақшылық болуы мүмкін облыстарды атады. Дегенмен бұл айда еліміздің көп аумағында ылғал нормаға сай болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Орташа құрғақшылық:
- Ақмола облысының Жарқайың ауданында;
- Қостанай облысының Жангелді ауданында;
- Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандарында;
- Қарағанды облысының Шет және Ақтоғай аудандарында;
- Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара және Отырар аудандарында болуы мүмкін.
Қатты құрғақшыл:
- Қызылорда облысының Қармақшы ауданында;
- Қостанай облысының Амангелді ауданында болуы мүмкін.
"Қалыпты ылғалды ауа райы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Петропавлда және Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында болжанады", – делінген хабарламада.