"Шымбұлақ" тау курорты 24 шілдеде санитария күніне орай жабық болады. Оған қоса бұған Шағын Алматы өзеніндегі табиғи апат та әсер еткен. Бұл туралы курорттың әкімшілігі хабарлады

"21 шілдеде Тұйық-Су Альпі лагері аймағында Шағын Алматы өзеніндегі табиғи апат – жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің қирауына және су тарту жүйесінің істен шығуына әкелген сел өтті. Соның салдарынан Шымбұлаққа су беру тоқтатылды", – делінген хабарламада. 

Мамандар су қабылдағыш станцияны лай массалары мен тау жыныстарынан тазартып жатыр.

Курорттың әкімшілігі осы мәселелер шешілгеннен кейін қонақтарды қайта күтетінін жазды.