Қазақстан он жыл ішінде 30 мың ғалымды жоғалтты. 1990 жылы ғылыми-зерттеу институттарында 52 мың қызметкер мен ғылыммен айналысқан профессор-оқытушы болған еді, деп мәлімдеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

Министр қазір Қазақстанның жоғалған кадрлық әлеуетін қайта қалпына келтіруге тырысып жатқанын айтты. Бұл мақсатқа жету үшін әлеуметтік пакеттер түрі көбеймек. 

"Елімізде ғалымдардың жаңа буыны өсіп келе жатыр. Жалақы мен әлеуметтік пакет түрін көбейте береміз. Жаңа заңда ғалымдарды қолдауға арналған әлеуметтік қамтамасыз ету мен пакет бойынша жеке блок бар", – деді министр. 


Оқи отырыңыз: "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің есімі жарияланды


Мұнымен қатар ол Қазақстан ғылымының соңғы он жылда отыз мыңға жуық ғылыми қызметкерді жоғалтқанын айтты. 

"Қарапайым статистикаға сүйенетін болсақ, 1990 жылы ғылыми-зерттеу институттарының 52 мың қызметкері мен ғылыммен айналысатын профессорлық-оқытушылық құрамы ресми түрде тіркелген болатын. Араға 10 жыл салып, 2000 жылы олардың 12 мыңы ғана қалды. Дәлірек біз 30 мыңнан астам ғылыми қызметкерді жоғалттық", – деді Саясат Нұрбек. 

Сондай-ақ ол дәл қазір шетелде ғылыми жобасын табысты іске асырып жатқан қазақстандық ғалымдар көп екенін айтты. 


Оқи отырыңыз: Қыркүйектен бастап докторанттар 217 мың теңге шәкіртақы алады. Смайылов қаулыға қол қойды