Тікелей эфир

Қыркүйектен бастап докторанттар 217 мың теңге шәкіртақы алады. Смайылов қаулыға қол қойды

Алматыда 1 қыркүйектен бастап жоғары оқу орындары мен колледждердің 115 мыңнан астам студенті жоғары стипендия алып отырады.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері ұлғаяды. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Оңтүстік астанада 35 жоғары оқу орны мен 85 колледж бар. Бұл нормаға ЖОО-ның 95 мың студенті енеді.

Алматыда  ЖОО 191 мыңға жуық студентінің 95 мыңға жуығы жоғары стипендия алатын болады. Қалған 96 мыңы – ақылы бөлімде оқитындар:

  • бакалавриат 81,4 мың;
  • магистратура 8,6 мың;
  • докторантура 2,1 мың;
  • резидентура 1,1 мың;
  • интернатура 1,8 мың;

Сондай-ақ, колледждердің 20 303 оқушысы жоғары стипендия алатын болады.


Оқи отырыңыз: 41 мыңнан 217 мың теңгеге дейін: Студент, магистрант, докторанттардың стипендиясы қаншаға артады?


Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, стипендия мөлшері: бакалавриат студенттеріне – 20%, магистратура – докторантура шеңберінде оқитындарға – 15%, ТжКБ студенттеріне – 50% артады. 

Стипендияның келесі өлшемдері белгіленді:

  • докторанттарға (оның ішінде "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша) – 217 500 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңге;
  • магистрантарға – 97 024 тенге;
  • интерндерге – 75 890 тенге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге – 67 200 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, "Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда – 41 898 теңге;
  • жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 32 681 теңге.

Оқи отырыңыз: 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа


 

Серіктестер жаңалықтары