Республикалық комиссия шешімімен биылғы жылдың бірінші жартысында стипендия 199 қазақстандыққа тағайындалды. Олардың ішінде Гарвард, Кембридж, Оксофрд, Колумбия, Стэнфорд, Пенсильвания, Корнелл университеттері секілді әлемнің үздік жоғары оқу орындарына магистратураға – 187, докторантураға 12 адам оқуға түсті.
"Болашақ" бағдарламасымен оқуға түскендер тізімі төменде:
Биыл 12 шілде күні Кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
"Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Биыл техникалық және IT мамандықтарға бөлінетін гранттар үлесі 60 пайызға көбейді. Өткізілген жұмыстың арқасында инженерлік-техникалық мамандардан "Болашақ" стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге қатысуға келіп түскен өтінімдердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе артты", – деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
Жалпы алғанда, биыл магистратура мен резидентураға – 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия бөлінді. Осы жылдың соңына дейін республикалық комиссияның екі отырысы өтеді.
Оқи отырыңыз: Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдау биыл 23 мамыр мен 14 қазан аралығында өтеді. Тағылымдамадан өту үшін құжаттар қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.