Қазақстан таяу уақытта оңтүстік өңірінде ірі энергия көзінің құрылысын бастауы тиіс. Ең оңтайлы шешім АЭС салу болмақ, деп мәлімдеді "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында. 

"Қазірдің өзінде электр энергиясын тұтыну мен өндірудің болжамды есебін ескере отырып таяу уақытта елдің оңтүстігінде ірі қуат көзін салуға көшуіміз қажет. Біздің ойымызша, АЭС салу ең тиімді шешім болмақ", – деді Алмасадам Сәтқалиев. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың 55%-ы АЭС салынуына қарсы


Бұған дейін энергетика министрі қызметін атқарған Мағзұм Мырзағалиев "Самұрық-Қазына" қоры жанындағы жобалау тобы АЭС құрылысының екі локациясы ретінде – Алматы облысындағы үлкен кент пен Курчатов қаласын қарастырғанын айтқан болатын. Алайда нақты шешім қабылданбады және құрылыстың өзі 10 жылға дейін созылуы мүмкін. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы бірнеше ауданның жарықсыз қалғаны туралы хабарлаған едік. Тараз, Талдықорған және Шымкент қалаларының тұрғындары да уақытша жарықсыз қалды.