Тараз, Талдықорған және Шымкент қалаларының тұрғындары да уақытша жарықсыз қалды.
Алматының басым бөлігінде электр қуатының үзілуі байқалады.
"Өшіру KEGOK желісінің бойында болды. Желідегі кернеу төмендеп, АЖК қосалқы станцияларындағы жиілікті автоматтық түрде төмендету жүйелері қосылды. Қайта қосу жұмыстары басталды", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
"Самұрық-Энерго" АҚ хабарлауынша, бүгін сағат 11:59-да Алматы қаласы мен Алматы энергия торабы осы өңірді біртұтас энергия жүйесінің солтүстік және оңтүстік бөліктерімен байланыстыратын жоғары вольтты электр жеткізу желілерінің авариялық ажырауы салдарынан оқшауланған жұмыс істеу режиміне ауысқан. Оқиға себептері анықталуда.
"Орын алған жайтқа байланысты "Самұрық-Энерго" АҚ "АлЭС" АҚ және Мойнақ ГЭС электр станциялары тарапынан жүктеме сақталып отырғанын және қазіргі уақытта Жүйелік оператордың командалары бойынша қуатты ұлғайтып жатқанын хабарлайды. "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Солтүстік энергия көздері саналатын – Екібастұз ГРЭС нысандары берілген жүктемені еш кедергісіз атқаруда. Екібастұз МАЭС-1-де 6 энергоблок жұмыс істеуде, ағымдағы жүктемесі 2930 МВт, Екібастұз МАЭС-2-де екі энергоблок та жұмыс істеп тұр, жүктемесі 950 МВт. "Шардара ГЭС" АҚ сыртқы байланыс желілерінің ажырауы салдарынан жүктемені 30 МВт-тан 0 МВт-қа дейін төмендетті", – деп жазылған хабарламада.
«Алатау жарық компаниясы» Алматының электр жарығы сөнген аудандарының 50 пайызында электр қуатын беру қалпына келтірілгенін хабарлады.
Сонымен қатар, жергілікті ақпарат құралдары Тараз, Талдықорған және Шымкент қалаларында да электр қуатының үзілгенін хабарлады.
Қырғызстан астанасында электр қуатының үзілуіне байланысты сорғы стансаларындағы жұмыс тоқтады, деп хабарлайды Sputnik. Елдің Энергетика министрлігі электр қуатын 30 минут ішінде қалпына келтіретінін хабарлады.
"Орталық Азияда электр қуаты өшіп қалды. Қырғызстан энергетикалық шеңберден шығып, электрмен жабдықтауды қалпына келтіреді", - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Өзбекстанның Энергетика министрлігі сағат 11.00-де елдің кейбір өңірлерінде электр қуатының сөнгенін, мамандар мәселені шешуге кірісіп жатқанын хабарлады.
Читайте также: Covid-19 белгілері байқалмайтын науқастар үшін карантин мерзімі қысқарды
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
382
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
337
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
318
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
336
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
306
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
295
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
273
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
309
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
311
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
300
-
0
-
0
-