УЕФА Чемпиондар лигасының 2025–2026 маусымындағы плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Турнирде чемпиондық үшін күресті 24 клуб жалғастырады.

Еуропаның алпауыт клубтары 1/8 финал жолдамасы үшін өзара мықты жұптармен бақ сынайтын болды. Бұл кезеңге бірқатар алып клубтар – мадридтік "Реал", миландық "Интер" және париждік ПСЖ шықты. Аталған командалар топтық кезеңде үздік сегіздікке ене алмады. 

Чемпиондар лигасы. 1/16 финал жұптары:

  • "Реал Мадрид" – "Бенфика"
  • "Интер" – "Буде Глимт"
  • "Олимпиакос" – "Байер"
  • "Галатасарай" – "Ювентус"
  • "Монако" – ПСЖ
  • "Қарабах" – "Ньюкасл Юнайтед"
  • "Боруссия Дортмунд" – "Аталанта"
  • "Атлетико Мадрид" – "Брюгге"

Еске салайық, футболдан чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 8-турында алматының "Қайрат" футбол клубы Лондонның "Арсеналымен" ойнады. "Қайрат" қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасының шешуші кездесуінде "Бенфика" мадридтік "Реалды" 4:2 есебімен жеңіп, испандық грандты турнирдің алғашқы сегіздігінен ығыстырды. Ойынның соңғы минуттарында "Реал" толықтай ойын тізгінін жоғалтып, екі футболшысы қызыл қағаз алып, матчты тоғыз ойыншымен аяқтауға мәжбүр болды.