"Реал" мен "Бенфика" қайта ойнайды: Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылды

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images
Әзербайжанның "Қарабах" клубы түйісу матчында Англияның "Ньюкасл Юнайтедпен" кездеседі.

УЕФА Чемпиондар лигасының 2025–2026 маусымындағы плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Турнирде чемпиондық үшін күресті 24 клуб жалғастырады.

Еуропаның алпауыт клубтары 1/8 финал жолдамасы үшін өзара мықты жұптармен бақ сынайтын болды. Бұл кезеңге бірқатар алып клубтар – мадридтік "Реал", миландық "Интер" және париждік ПСЖ шықты. Аталған командалар топтық кезеңде үздік сегіздікке ене алмады. 

Чемпиондар лигасы. 1/16 финал жұптары:

  • "Реал Мадрид" – "Бенфика"
  • "Интер" – "Буде Глимт"
  • "Олимпиакос" – "Байер"
  • "Галатасарай" – "Ювентус"
  • "Монако" – ПСЖ
  • "Қарабах" – "Ньюкасл Юнайтед"
  • "Боруссия Дортмунд" – "Аталанта"
  • "Атлетико Мадрид" – "Брюгге"

Еске салайық, футболдан чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 8-турында алматының "Қайрат" футбол клубы Лондонның "Арсеналымен" ойнады. "Қайрат" қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасының шешуші кездесуінде "Бенфика" мадридтік "Реалды" 4:2 есебімен жеңіп, испандық грандты турнирдің алғашқы сегіздігінен ығыстырды. Ойынның соңғы минуттарында "Реал" толықтай ойын тізгінін жоғалтып, екі футболшысы қызыл қағаз алып, матчты тоғыз ойыншымен аяқтауға мәжбүр болды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз