Алматылық "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді. Турнирдің 8-туры аясында алматылық команда сырт алаңда лондондық "Арсеналмен" кездесіп, 3:2 есебімен жеңілді.
Ойын өте қарқынды басталды. Матчтың 2-минутында "Арсенал" шабуылшысы Дьёкереш есеп ашты. Алайда көп ұзамай "Қайрат" сапынан Жоржиньоға қарсы ереже бұзылып, төреші пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын Жоржиньо сәтті орындап, есепті теңестірді.
15-минутта Кай Хаверц алматылықтардың қорғанысындағы қателікті пайдаланып, лондондықтарды қайта алға шығарды. Ал бірінші таймның соңында Габриэл Мартинелли гол соғып, есепті 3:1-ге жеткізді.
Екінші таймда кездесудің аяқталуына жақын Рикардино мергендік танытып, "Қайраттың" бір голын қайтарды. Дегенмен бұл нәтиже матч тағдырын өзгерте алмады. Осылайша алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан "Қайрат" плей-офф кезеңіне, яғни 1/16 финалға жолдама ала алмай, турнирдегі жорығын аяқтады.
USD:
502.3 / 505.3
EUR:
596.0 / 600.0
RUB:
6.49 / 6.61