Қызылордада қатты дауыл тұрып, тұрғындар жарықсыз қалды
Әкімдік шығын көлемін есептеп жатыр.Қызылордада дауыл тұрып, тұрғындар жарықсыз қалды. Сондай-ақ дауыл себебінен бірнеше нысанның шатыры мен көпқабатты үйлердің сыртқы қаптамалары ұшып кеткен, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Қатты дауыл кезінде қалада үш жыл бұрын ғана күрделі жөндеуден өткен көпқабатты үйлердің сырты бүлініп, осы жазда қасбеті жаңартылған баспаналар зақым келді. Сондай-ақ желден қаланың біраз бөлігінде электр жарығы өшіп, жылудың қысымы төмендеді.
Әкімдік өкілдері жұрттың шағымы бойынша үйлерді аралап, шығын көлемін есептеп жатыр.
"Қала әкімі бастаған топпен 5 аймаққа бөліп алып, сол бойынша аралау жұмыстарын жүргіздік. Көптеген үйдің балконы мен лоджасының қапталмағанын, соның себебінен үйлердің суық болып тұрғанын көрдік. Тұрғындарға ескерту жасап жатырмыз. Балкондарды қаптау жұмыстарын жүргізу қажет", – деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.
Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда дауыл салдарынан 1175 абонент электр қуатынсыз қалды