Тікелей эфир

Солтүстік Қазақстанда дауыл салдарынан 1175 абонент электр қуатынсыз қалды

Кейбір абонент әзірге ресейлік желілерге қосылды.

Солтүстік Қазақстан облысында 18 қарашадағы дауылдан кейін 1175 абонент жарықсыз қалды, деп хабарлады облыстық энергетикалық комиссия.

"Аққайың және Есіл аудандарында, сондай-ақ Жұмабаев ауданындағы 16 ауылда 41 апаттық бригада жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. Дауыл 110 кВ әуе желісін зақымдаған Жұмабаев ауданында тұрақтылық үшін ескі металл конструкцияны екі темірбетон тірекке ауыстыруды ұйғарды, бірақ ауа райының бұзылып кетуі жаңа тіректерді орнатуға кедергі келтірді. Оқиға орнында бүлінген техникалар жөнделіп жатыр", – деп хабарлады Аймақтық электр желілері компаниясы.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов депутаттармен кездесуде дауыл салдарынан 183 ауыл электр қуаты өшіп қалғанын атап өтті. Әлеуметтік нысандар жедел қуатпен қамтамасыз етіліп, толығымен жарықсыз қалған Жұмабаев ауданы келісім бойынша Ресей мен көршілес Ақмола облысының желілеріне қосылды. Әкім бұл мәселені жеке өзі қадағалайтынын айтты,


Оқи отырыңыз: Павлодарда бірнеше көше электр жарығынсыз қалды


 

Серіктестер жаңалықтары