USD: 484.5 / 487.1
  • EUR: 553.5 / 558.5
  • RUB: 5.99 / 6.11
Тікелей эфир
Алматы +34C
Все города

Қызылордада қатты дауыл тұрып, тұрғындар жарықсыз қалды

Әкімдік шығын көлемін есептеп жатыр.

Қызылордада дауыл тұрып, тұрғындар жарықсыз қалды. Сондай-ақ дауыл себебінен бірнеше нысанның шатыры мен көпқабатты үйлердің сыртқы қаптамалары ұшып кеткен, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Қатты дауыл кезінде қалада үш жыл бұрын ғана күрделі жөндеуден өткен көпқабатты үйлердің сырты бүлініп, осы жазда қасбеті жаңартылған баспаналар зақым келді. Сондай-ақ желден қаланың біраз бөлігінде электр жарығы өшіп, жылудың қысымы төмендеді.

Әкімдік өкілдері жұрттың шағымы бойынша үйлерді аралап, шығын көлемін есептеп жатыр.

"Қала әкімі бастаған топпен 5 аймаққа бөліп алып, сол бойынша аралау жұмыстарын жүргіздік. Көптеген үйдің балконы мен лоджасының қапталмағанын, соның себебінен үйлердің суық болып тұрғанын көрдік. Тұрғындарға ескерту жасап жатырмыз. Балкондарды қаптау жұмыстарын жүргізу қажет", – деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай. 


Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда дауыл салдарынан 1175 абонент электр қуатынсыз қалды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз