Қытайлық бренд Қазақстандағы көліктерінің бағасын төмендетті. Қанша үнемдеуге болады?
Жеңілдік сомасы 900 мыңнан басталып, 2,6 миллион теңгеге дейін жетеді.
Қытайдың Jac автобренді Қазақстанда сатылатын көліктерін арзандатты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Енді брендтің ең арзан көлігі S3 Pro 7 490 000 теңге тұрады.
Компания, сондай-ақ, өзге көліктерін де күрт арзандатқан. Айталық:
- J7 лифтбегін енді 8 890 000 теңгеге сатып алуға болады (жеңілдік 800 мың теңге);
- Оның J7 Plus түрі – 9 590 000 теңге (жеңілдік 1,1 миллион теңге);
- JS4 – 7 990 000 теңге (жеңілдік 900 мың теңге);
- JS6 – 8 890 000 теңге (жеңілдік 2,6 миллион теңге);
- JS8 – 11 590 000 теңге (жеңілдік 1,5 миллион теңге);
- JS5 – 8 590 000 теңге (жеңілдік 2,1 миллион теңге);
- EJ-7 электромобилі – 12 290 000 теңге (жеңілдік 700 мың теңге).
"Компания автомкөліктерінің қазақстандық сатушыларға қолжетімді әрі тартымды болуына ұмтылады. Жаңарған баға жайлы, қауіпсіз көліктерді арзан бағада сатып алуға мүмкіндік ашады", – делінген хабарламада.