Ұлттық ғылым академиясының зейнет жасындағы ғалымдары өмір бойына дейін ай сайын 60 АЕК көлемінде стипендия алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі өзінің қаулы жобасында жазды. 

Аталған қаулы биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

"Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 АЕК мөлшерінде белгіленсін және оны төлеу қағидалары бекітілсін", – деп жазылған қаулы жобасында.


Оқи отырыңыз: 50 мен 125 арасы: Қазақстан университеттерінде грантқа түсу шекті балы қандай?


Стипендия алуға үміткер академик Ұлттық ғылым академиясына келесі құжаттарды өткізуі керек:

  1. Еркін нысанда стипендияны төлеуге өтініш;
  2. ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);
  3. Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);
  4. Екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банк анықтамасы.

Стипендия төлеу мынандай жағдайларда тоқталады:

  1. ҰҒА академигі қайтыс болса (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);
  2. ҰҒА академигі хабар-ошарсыз кетсе немесе қайтыс болды деп жарияланса;
  3. ҰҒА құрамынан шығарылса (ҰҒА төралқасы отырысының хаттамасынан үзінді);
  4. Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылса.

Оқи отырыңыз: Грант байқауы – 2024: Қандай квоталар бар және кімдер тегін оқи алады