Қазақстанда мемлекеттік грант конкурсына өтініш қабылдау жалғасып жатыр. Биыл бакалавриатқа 79 мыңға жуық білім беру гранты бөлініп отыр. ҰБТ-дан 50 ұпайдан жоғары жинаған талапкерлер білім грантына ие бола алады. Ол үшін білім беру бағдарламалар тобы мен ЖОО-ны мұқият таңдау қажет. Дегенмен кейбір мамандықтарға түсу балы 50-ден жоғары:
- "Педагогикалық ғылымдар", "Құқық" – 75;
- "Денсаулық сақтау" – 70;
- "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" – 60;
- Қалған мамандықтар – 50 балл.
Сондай-ақ, университеттер де грантқа түсу шекті балын өздері қоя алады. Яғни, кейбір оқу орындарында ҰБТ-дан жақсы нәтиже жинаған талапкерлер ғана тегін оқи алады. Осы орайда Информбюро порталы университеттер белгілеген шекті балды ұсынады.
Шекті балы ең жоғары университеттер
125 балл:
- "Аударма ісі" – КАЗГЮУ;
- "Шет тілі мұғалімдерін даярлау" – SDU.
120 балл:
- "Аударма ісі", "Математика мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар" – SDU;
- "Психология", "Халықаралық қатынастар және дипломатия", "Менеджмент және басқару", "Аудит және салық салу", "Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі", "Маркетинг және жарнама", "Құқық", "Туризм" – КАЗГЮУ.
115 балл:
- "Сән, дизайн", "Сәулет", "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Грант көп бөлінген мамандықтардың шекті балы
Биыл "Ақпараттық технологиялар" мамандығына ең көп грант бөлінді. Жалпы конкурс бойынша – 5 131 грант. Республика бойынша шекті балл 50-ге тең. Дегенмен кей университеттердің шекті балы одан жоғары:
- SDU – 120;
- ҚБТУ – 110;
- "Нархоз" – 105;
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 100;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 90;
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Astana IT University – 80;
- Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 75;
- Қазақстан-Неміс университеті, "Q" University, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті – 70;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 65;
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, Астана халықаралық университеті – 60;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, "Тұран – Астана" университеті – 55.
Ақпараттық қауіпсіздік
"Ақпараттық қауіпсіздік" мамандығына 3 068 грант бөлінді. Университеттер белгілеген шекті балл мынадай:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 100;
- "Нархоз" – 100;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 90;
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Astana IT University – 80;
- Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 75;
- Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті – 70;
- Қалған университеттер – 50 балл.
Электр техникасы және энергетика
"Электр техникасы және энергетика" мамандығына 2 220 грант бөлінді. Шекті балл:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 85;
- Қазақстан-Неміс университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 70;
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 65;
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – 60;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 55;
- Қалған университеттер – 50.
Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс
"Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс" мамандығына биыл 2 мың грант бөлінді. Университеттер қойған шекті балл мынадай:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 90;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 77;
- Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 65;
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – 60;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті – 55;
- Қалған университеттер – 50.
Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру
"Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру" мамандығына 1 900 грант бөлінді. Шекті балл:
- Қазақстан-Британ техникалық университеті – 75;
- Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 65;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті – 55;
- Қалған университеттер – 50.
Механика және металл өңдеу
"Механика және металл өңдеу" мамандығына 1 800 грант бөлінді. Шекті балл:
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 65;
- Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті – 60;
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 55;
- Қалған университеттер – 50.
Медицина
"Медицина" мамандығына 1 575 грант бөлінді. Республика бойынша шекті балл – 70, ал университтер мынадай шекті балл қойып отыр:
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 100;
- Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы;
- Қалған университеттер – 70.
Химия
Ғылыми бағыттағы "Химия" мамандығына 1 400 грант бөлінген. Республика бойынша шекті балл – 50. Ал төмендегі университеттер одан жоғары балл қойған:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 90;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 80;
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 65;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 55.
Физика
Ғылыми бағыттағы "Физика" мамандығына 1 300 грант бөлінген. Республика бойынша шекті балл – 50. Ал төмендегі университеттер одан жоғары балл қойған:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 90;
- Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті – 75;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 70;
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 65;
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – 60;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 55.
Электр техникасы және автоматтандыру
"Электр техникасы және автоматтандыру" мамандығына биыл 1 200 грант бөлінді. Мына университеттер өздері шекті балл қойып отыр:
- Қазақстан-Британ техникалық университеті – 110;
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 90;
- Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Astana IT University, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 70;
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 65;
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – 60;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 55;
- Қалған университеттер – 50.
Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар
"Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар" мамандығына 1 200 грант бөлінді. Республика бойынша шекті балл 50-ге тең. Дегенмен кей университеттердің шекті балы одан жоғары:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 90;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Astana IT University, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті – 70;
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 60;
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 55.
Математика мұғалімдерін даярлау
Математика мұғалімдерін даярлауға 1 086 грант бөлінді. Республика бойынша педагогикалық мамандықтарға түсушілерге қойылатын шекті балл – 75. Кей университеттер белгілеген шекті балл мынадай:
- SDU – 120;
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 110;
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 77.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
"Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығына 1 030 грант бөлінді. Шекті балл – 75. Екі университет одан жоғары балл қойып отыр.
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 80;
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 77.
Биологиялық және сабақтас ғылымдар
"Биологиялық және сабақтас ғылымдар" мамандығына 1 059 грант бөлінген. Республика бойынша шекті балл – 50. Ал төмендегі университеттер одан жоғары балл қойған:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 90;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 70;
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 65;
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Астана халықаралық университеті – 60;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 55.
Математика және статистика
"Математика және статистика" мамандығына мың грант бөлінді. Университеттер қойған шекті балл мынадай:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 105;
- "Нархоз" – 100;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 90;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 65;
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – 60;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – 55;
- Қалған университеттер – 50.
Грант конкурсына құжаттар 13-20 шілде аралығында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында қабылданады. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсыру керек:
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 фото;
- орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом);
- жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.
Барлық университет пен мамандық бойынша шекті баллды мына құжаттан көре аласыз.