Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында төбелесіп қалды ма? ҚАЖК пікір білдірді
Бұл ретте, Бишімбаевтың камераласы көптеген дене жарақатын алғаны айтылған.Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында белгісіз себептермен бірге отырған адаммен төбелескені туралы ақпарат тарады.
Оқиғаға қатысты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті өкілдері пікір білдірді.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді", – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған. Ал Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.