Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында белгісіз себептермен бірге отырған адаммен төбелескені туралы ақпарат тарады.
Оқиғаға қатысты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті өкілдері пікір білдірді.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді", – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған. Ал Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
USD:
489.5 / 492.3
EUR:
566.5 / 571.5
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…