Тікелей эфир

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот тікелей эфирде өтеді

Судьяның 11 маусымдағы қаулысы бойынша істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді.

ҚР Жоғарғы соты Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түскенін мәлімдеді.

"ҚР Жоғарғы соты республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатыр. Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті", – делінген хабарламада.

Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. 

Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді. 

Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары