Қостанай облысында Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен "Дін мен дәстүр: Ысырапшылдықтың алдын алу" жиында жаназа рәсімдерін өткізуге қатысты жаңа шешім қабылданды. 

Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлының мәлімдеуінше, шешімде нақты талаптар мен шектеулер бар. Олардың негізгілері: 

  • қонақ асын (жаназадан бір күн бұрынғы берілетін кешкі асты) тоқтату; 
  • ас мәзірін (бауырсақ, нан, қант, кәмпит-піспенан, су, шәй, ыстық тамақ) бірізділікке салу; 
  • ҚМДБ-ның "Қамқор-шарапат" салттық қызмет көрсету орталығының бекіткен нормалары бойынша зират көтеру; 
  • марқұмның жылдық астарында көрсетілетін бейнероликтердің әуеніне назар аудару, бейнеде алкогольді ішімдігі бар фото не видео көріністердің, әуреті ашық киімдердің болмауын қадағалу; 
  • жаназа астарын жиналысқа айналдырмау, сәйкесінше, онда үш адамнан артық кісіге сөз бермеу.
Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: