Әлеуметтік желіде коллагенді қолдануға қатысты түрлі видеоматериалдардың таралуына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі оған қатысты өз пәтуасын шығарды. 

Ислам ғалымдарының түсіндіруінше, шошқа және еті желінбейтін жануарлардан сондай-ақ, шариғат жолымен бауыздалмаған мал мен құстан алынған коллагенді қолдануға болмайды. Олар харам болып есептеледі. 

Ал сиыр, қой секілді жануарлар адал бауыздалса, одан алынған коллагенді тұтынуға рұқсат. Сондай-ақ балықтың коллагені де шариғат заңдарына қайшы емес.

"Еті желінетін, шариғатқа сай бауыздалған мал және балықтан алынған коллагенді қолдануға – рұқсат. Шошқадан алынған коллаген – харам. Еті желінбейтін жануардан немесе шариғатқа сай бауыздалмаған еті желінетін малдан алынған коллагенді қолдануға болмайды. Тек химиялық құрылымы өзгеріп, басқа нәрсеге айналса немесе болмысы толықтай жойылса ғана рұқсат", – делінген Ғұламалар кеңесінің шешімінде.