Инстаграмда гив ойнату шариғатқа қайшы емес. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Имамдардың сөзінше, әлеуметтік желіде ұтыс ойынын ойнатуға болады. Тек арнайы талаптарды орындасаңыз болғаны.
"Гивқа қатысу үшін бір жарна төлейтін болса немесе бір тауар қойылатын болса, онда бұл құмар болып есептелінеді дейді болмайды...Қойылатын ұтыс адал болуы керек. Тіркелетін парақша ішінде харамды қамтыған мазмұндағы парақша болмауы керек", – деді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы.
Блогерлер уәде етілген тіркелушілер санын жинап бере алмаса, жиналған адамның санына қарай қаражатты демеушілерге қайтарып беру керек. Себебі келісімшарт нысаны дау тудырмайтындай анық әрі нақты болуға тиіс. Қайшы жағдайда келісімшарт дұрыс болмайды. Желіде жарнаманы жаңбырша жаудыратын блогерлер үшін де бұл пәтуа – жауапкершілік. Өйткені олар халыққа сыйлық уәде еткенде ол міндетті түрде орындалуға тиіс.
Гив әлеуметтік желіде демеушілер сыйлық тігіп, халықты парақшаға жаздыру арқылы өткізетін кәдімгі маркетинг құралы. Имамдардың айтуынша, мұндай тренд құмар ойынға айналмаса – адал.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63