ҚМДБ Ғұламалар кеңесі коллагенді қолдануға қатысты үкім шығарды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бүгінде коллаген тағам қоспалары мен косметикалық өнімдерде кеңінен қолданылады.

Әлеуметтік желіде коллагенді қолдануға қатысты түрлі видеоматериалдардың таралуына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі оған қатысты өз пәтуасын шығарды. 

Ислам ғалымдарының түсіндіруінше, шошқа және еті желінбейтін жануарлардан сондай-ақ, шариғат жолымен бауыздалмаған мал мен құстан алынған коллагенді қолдануға болмайды. Олар харам болып есептеледі. 

Ал сиыр, қой секілді жануарлар адал бауыздалса, одан алынған коллагенді тұтынуға рұқсат. Сондай-ақ балықтың коллагені де шариғат заңдарына қайшы емес.

"Еті желінетін, шариғатқа сай бауыздалған мал және балықтан алынған коллагенді қолдануға – рұқсат. Шошқадан алынған коллаген – харам. Еті желінбейтін жануардан немесе шариғатқа сай бауыздалмаған еті желінетін малдан алынған коллагенді қолдануға болмайды. Тек химиялық құрылымы өзгеріп, басқа нәрсеге айналса немесе болмысы толықтай жойылса ғана рұқсат", – делінген Ғұламалар кеңесінің шешімінде. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары