Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық қажыларды 2025 жылы тасымалдау үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары арасында байқау жариялады.

Байқау шарттары: 

  • Авиакомпанияның "Қажылық-2025" маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
  • Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Королдігінің арасында тікелей авиамаршрутқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
  • Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мадина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған билет құнын ұсыну;
  • Авиакомпания Қазақстан Республикасының қажыларын 22.05.2025 жыл мен 02.06.2025 жыл аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 14.06.2025 жыл мен 20.06.2025 жыл аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну. 

Оқи отырыңыз: Қажылық 2025: ҚМДБ қажылық орындарды алуға байқау жариялады


ҚМДБ хабарлауынша, құжаттар 9 қазаннан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 21 қазанға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды. 

Еске салайық, мұндай байқауды ҚМДБ 2023 жылы алғаш рет өткізді. Алайда қазақстандық әуе компаниялары жеңімпаздар қатарында болған жоқ. 2024 жылы қазақстандықтарды қажылыққа шетелдік Flynas, Jazeera және Turkish Airlines әуе компаниялары тасымалдады.