Байқау әуе компаниялары арасында әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажыларды тасымалдау үшін қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялайды, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Сауд Арабиясы королдігінің қажылық және ұмра министрлігінің арасында жасалынған келісімшартқа сәйкес, Қазақстан азаматтарына 4000 қажылық орны алынған. Алайда, ҚМДБ қасиетті сапарға ниет еткендердің арасында Flynas және Scat әуе компаниясы билетінің бағасына қатысты шағым көбеюіне байланысты байқау ұйымдастырғалы отыр.
Конкурс талаптары:
- Авиакомпанияның "Қажылық – 2023" маусымында 4 мың қажыны тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
- Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия королдігінің арасында тікелей авиамаршрутқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
- Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мәдина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған билет құнын ұсыну;
- Авиакомпания Қазақстан Республикасының 4000 қажысын 10.06.2023 жыл мен 20.06.2023 жыл аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 03.07.2023 жыл мен 13.07.2023 жыл аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну қажет.
Оқи отырыңыз: ҚМДБ қажылыққа баратын азаматтарды алдын ала оқытуды жоспарлап отыр
Құжаттар 2 наурыздан 7 наурызға дейін hajj@muftyat.kz поштасына қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған әуе компаниясының ұсыныстары қаралмайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-