Тікелей эфир

Қажылық 2025: ҚМДБ қажылық орындарды алуға байқау жариялады

Құжаттар 9 қазанға дейін қабылданады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын туроператорларды анықтау үшін жыл сайынғы байқауды жариялады. Үміткерлер құжаттарын бүгіннен бастап 9 қазанға дейін ұсына алады. 

Байқау шарттары: 

  • "Қажылық-2025" маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
  • Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
  • Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  • Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда тұрақты оң 5 жылдық тәжірибесінің бар екенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  • ҚР заңдарын және Сауд Арабиясы корольдігі тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы;
  • ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты)

Оқи отырыңыз: Қажылық 2024: Сауд Арабиясы қажылықты туристік сапармен шатастырмауға шақырды


"Аталған құжаттар 2024 жылғы 24 қыркүйектен бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2024 жылғы 9 қазанға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туристік оператордың ұсыныстары қаралмайды", – делінген ҚМДБ хабарламасында. 

Еске салайық, 2024 жылы қазақстандықтарға 5081 қажылық орны берілген болатын. 2025 жылғы қажылық орнының саны бойынша шешімді Сауд Арабиясы корольдігі ҚМДБ байқау қорытындысына орай ұсынған мәліметтер бойынша айқындайды. 

Серіктестер жаңалықтары