ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы Қазтест сертификаттары 2023 жылдан бастап электронды форматқа ауыстырылғанын хабарлады.

Сертификат ҰТО сайты арқылы беріледі. Онда тест тапсырушының деректері, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі. Сертификатты сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады. ​

"Бұған дейін Қазтест жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат қағаз түрінде берілетін. Енді докторантураға түсушілер, "Болашақ" бағдарламасының үміткерлері және басқалары Қазтест сертификаттарын электрондық форматта алатын болады. Алайда, жарамдылық мерзімі өтпеген қағаз нұсқадағы сертификаттардың жарамдылығы сақталады", – деді ҰТО директоры Руслан Емелбаев.


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, мәжілістің жетінші шақырылым депутаты Мақпал Тәжмағамбетова мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінен тест тапсыруына қойылатын талапты қатаңдатуды ұсынған болатын

"Қазір Мәжілісте "Мемлекеттік қызметшілер туралы" заң жобасы талқыланып жатыр. Қазіргі таңда Қазтестің мәні болмай тұр. Тесттен нөл алса да, қызметке орналаса береді. Қажеттілігі жоқ. Бұл норманы қатаңдатуды бір топ депутаттың атынан ұсындық. Жұмыс топтарында талқыланып жатыр", – деді Мақпал Тәжмағамбетова.