"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар және Ақмола облыстарында республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін мәлімдеді.

Павлодар облысы

2026 жылғы 6 қаңтар сағат 13:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 254–416 шақырым аралығы (Шідерті ауылынан Атамекен ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Жол қозғалысын сағат 18:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Ақмола облысы

6 қаңтар сағат 13:00-де, қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар "Астана – Қорғалжын" автожолының 36–180 шақырым аралығы (Ақмол ауылынан Қорғалжын қорығына дейін) барлық көлік түрі үшін жабылды.

Бұл учаскені де сағат 18:00-де ашу көзделген.

Жол жағдайына қатысты тәулік бойы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан алуға болады.