"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар аймағында қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және қатты жел күтілетінін хабарлады.
Қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысы мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Астана – қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Шымкент – кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында қар, бұрқасын, көктайғақ, кей жерлерде қатты қар мен тұман болжануда. Желдің екпіні бірқатар ауданда 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар, бұрқасын, көктайғақ, ал кей аудандарда тұман күтіледі. Жел екпіні күндіз 25–28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарында қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел бағыты ауысып, екпіні 15–20 м/с болады.
Түркістан, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында негізінен тұман мен көктайғақ болжанып отыр. Таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Мамандар жүргізушілер мен тұрғындарды жолда сақ болуға, ауа райының қолайсыздығын ескеруге және қажетсіз алыс жолға шықпауға шақырады.
USD:
511.5 / 514.9
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.23 / 6.43