"ҚазАвтоЖол": Ауа райына байланысты екі өңірде барлық көлік түріне шектеу қойылды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Боран салдарынан Астана бағытындағы жолдар уақытша жабылды.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар және Ақмола облыстарында республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін мәлімдеді.

Павлодар облысы

2026 жылғы 6 қаңтар сағат 13:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 254–416 шақырым аралығы (Шідерті ауылынан Атамекен ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Жол қозғалысын сағат 18:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Ақмола облысы

6 қаңтар сағат 13:00-де, қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар "Астана – Қорғалжын" автожолының 36–180 шақырым аралығы (Ақмол ауылынан Қорғалжын қорығына дейін) барлық көлік түрі үшін жабылды.

Бұл учаскені де сағат 18:00-де ашу көзделген.

Жол жағдайына қатысты тәулік бойы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан алуға болады.

Серіктестер жаңалықтары