2020 жылдан бері  жасанды ұрықтандыру бағдарламасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы қаржыландырылады. Биыл Қазақстан бойынша ЭКО-ға 7 мың квота бөлінді. Бағдарламаға қатысқысы келетіндер емханалар арқылы тіркеледі. Қосалқы репродуктивтік технологиялармен жұмыс істейтін клиниканы пациенттің өзі таңдайды.

Қазақстанда 19 клиника медсақтандыру арқылы ЭКО қызметін көрсетеді. Олар:  

Алматы:

  • Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы;
  • Репродуктивті медицина институты;
  • "Нұрай" ЭКО клиникасы;
  • "Persona" репродуктологияның халықаралық клиникалық орталығы;
  • "Private Clinic Almaty";
  • "Экомед";
  • "ЭКО".

Астана:

  • "Геном Астана" ЖШС;
  • "Астана Эколайф" ЖШС;
  • "Экомед Плюс" ЖШС.

Шымкент:

  • "Экомед-Шымкент";
  • "ЭКО центр доктора Тарарака".

Тараз:

  • "Неке және жанұя" медициналық орталығы;
  • "Арман репродуктивтік орталығы".

Оқи отырыңыз: "Аңсаған сәби" аясында ЭКО-ға жылына 7 мың квота беріледі. Оны қалай алуға болады?


Ақтөбе: Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы. 

Атырау: "Экомед-Атырау". 

Қарағанды: "Ақжан" ЖШС.

Өскемен: ШҚО репродуктивті медицина орталығы.

Түркістан: "Экомед-Түркістан".

Қалған 11 өңірде (Абай, Ақмола, Алматы, БҚО, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Ұлытау облыстарында) Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан ұйымдар жоқ.