Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қаңтардың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 54 ардагері тұрады, олардың 16-сы – соғыс мүгедектері.

Бұл санатқа 6 қаңтарда 98 жасында дүниеден өткен Фёдор Щеглов та кірген. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы ҰОС-тың соңғы ардагері еді. Ресми дерекке сәйкес, қазіргі таңда Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Абай, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының бірде-бір ардагері қалмаған.

Қалған өңірлердегі ардагерлер саны мынадай:

  • Алматы қаласы – 12 ардагер
  • Алматы облысы – 9
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5
  • Павлодар облысы – 5
  • Қарағанды облысы – 4
  • Қостанай облысы – 4
  • Астана қаласы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 3
  • Түркістан облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Ақмола облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Жетісу облысы – 1

Министрлік дерегінше, 2025 жылғы қазан айында елде 86 ардагер, ал бір жыл бұрын 120 Ұлы Отан соғысы ардагері болған. Қазіргі таңда ардагерлердің басым бөлігі 100 жас шамасында.