2050 жылға қарай Қазақстандағы 8 өңірде халық саны 869 мың адамға қысқаруы мүмкін. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы осындай болжам жасады.

Халқының саны кемитін өңірлердің қатарында:

  • Абай облысы (92 мыңға);
  • Ақмола облысы (80 мыңға);
  • Қарағанды облысы (99 мыңға);
  • Қостанай облысы (181 мыңға);
  • Павлодар облысы (100 мыңға);
  • Солтүстік Қазақстан облысы (182 мыңға);
  • Ұлытау облысы (15 мыңға);
  • Шығыс Қазақстан облысы (120 мыңға) бар. 

Оқи отырыңыз: 


Есесіне 2050 жылға қарай Қазақстанның қалған өңірлерінде халық саны 9 млн адамға өсуі мүмкін. Атап айтқанда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы халық саны 4,2 млн адамға артады.

Сонымен қатар Ақтөбе (326 мың), Алматы (800 мың), Атырау (350 мың), Батыс Қазақстан (112 мың), Жамбыл (657 мың), Жетісу (512 мың), Қызылорда (328 мың), Маңғыстау (723 мың) және Түркістан (994 мың адамға) облысында да халық саны өседі.


Оқи отырыңыз:


2050 жылға қарай урбанизация деңгейі 67 пайызға жетіп, қала халқының саны 6,6 млн адамға жетеді деп күтілуде, ал ауылдық жерлерде өсім 1,5 млн адамды құрайды.