Қазақстандықтардың 49 пайызының мектепке дейінгі білім сапасына көңілі толады – статистика
Әлеуметтік деңгейі неғұрлым жоғары болса, білім беру саласындағы қызметтердің сапасына көңілі толмайтын қазақстандықтардың үлесі соғұрлым аз болды.Мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттанғандардың үлесі бір жылда 2022 жылғы 48,4%-дан 2023 жылы 49,4%-ға, орта жалпы білім беруде – 49,2%-дан 50,3%-ға, орта-арнайы білім беруде – 43,7%-дан 46%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімде – 42,1%-дан 44,9%-ға дейін өсті. Бұл туралы ranking.kz жазды.
Сонымен қатар, білім беру қызметінің сапасына қанағаттанбау деңгейі төмендеді. Мектепке дейінгі білім беру сапасына көңілі толмайтындардың үлесі 1,8%-дан 1,4%-ға, орта жалпы білім беруде – 1,9%-дан 1,7%-ға, орта-арнайы білім беруде –1,8%-дан 1,7%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде – 2%-дан 1,8%-ға төмендеді.
Ал білім беру қызметінің қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі, керісінше, төмендеді. Атап айтқанда, мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің қолжетімділігіне қанағаттанатын респонденттердің үлесі 51,8%-дан 50,7%-ға, орта жалпы білім беруде – 59,8%-дан 59,7%-ға төмендеді. Бұл ретте орта-арнайы білім беру қызметтерінің қолжетімділігіне қанағаттанғандардың үлесі 47,2%-дан 47,8%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгіде – 40,5%-дан 41,9%-ға өсті.
Білім беру қызметінің қолжетімділігіне қанағаттанбау деңгейі де төмендеген. Мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне көңілі толмайтындардың үлесі 2,4%-дан 2,3%-ға, орта білім беруде – 1%-дан 0,7%-ға, орта-арнайы білім беруде – 1,3%-дан 1,1%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде – 2,8%-дан 2,1%-ға төмендеді.
Оқи отырыңыз: "Жайлы мектеп" жобасы: жоспардағы 33 мектеп салынбайтын болды.