Тікелей эфир

Қазақстандықтардың 49 пайызының мектепке дейінгі білім сапасына көңілі толады – статистика

Әлеуметтік деңгейі неғұрлым жоғары болса, білім беру саласындағы қызметтердің сапасына көңілі толмайтын қазақстандықтардың үлесі соғұрлым аз болды.

Мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттанғандардың үлесі бір жылда 2022 жылғы 48,4%-дан 2023 жылы 49,4%-ға, орта жалпы білім беруде – 49,2%-дан 50,3%-ға, орта-арнайы білім беруде – 43,7%-дан 46%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімде – 42,1%-дан 44,9%-ға дейін өсті. Бұл туралы ranking.kz жазды.

Сонымен қатар, білім беру қызметінің сапасына қанағаттанбау деңгейі төмендеді. Мектепке дейінгі білім беру сапасына көңілі толмайтындардың үлесі 1,8%-дан 1,4%-ға, орта жалпы білім беруде – 1,9%-дан 1,7%-ға, орта-арнайы білім беруде –1,8%-дан 1,7%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде – 2%-дан 1,8%-ға төмендеді.

Ал білім беру қызметінің қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі, керісінше, төмендеді. Атап айтқанда, мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің қолжетімділігіне қанағаттанатын респонденттердің үлесі 51,8%-дан 50,7%-ға, орта жалпы білім беруде – 59,8%-дан 59,7%-ға төмендеді. Бұл ретте орта-арнайы білім беру қызметтерінің қолжетімділігіне қанағаттанғандардың үлесі 47,2%-дан 47,8%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгіде – 40,5%-дан 41,9%-ға өсті.

Білім беру қызметінің қолжетімділігіне қанағаттанбау деңгейі де төмендеген. Мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне көңілі толмайтындардың үлесі 2,4%-дан 2,3%-ға, орта білім беруде – 1%-дан 0,7%-ға, орта-арнайы білім беруде – 1,3%-дан 1,1%-ға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде – 2,8%-дан 2,1%-ға төмендеді.


Оқи отырыңыз: "Жайлы мектеп" жобасы: жоспардағы 33 мектеп салынбайтын болды.


 

Серіктестер жаңалықтары