Сыртқы істер министрлігі Ашық НҚА порталында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сейшел Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы" Үкімет қаулысының жобасын жариялады.

Жобада келісім мәтіні таныстырылған. Оған сәйкес, қазақстандықтардың Сейшел республикасының аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге баруы үшін оларды визалық талаптардан босату жоспарланып отыр. 

Сәйкесінше, Сейшел республикасы азаматтарының Қазақстанда болуы үшін де дәл осындай шарттар қолданылады.

Көрсетілген мерзімнен артығырақ болу үшін азаматтар баратын елдің заңнамасына сәйкес келетін виза рәсімдеуі тиіс.


Оқи отырыңыз: Қаңтарда Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында тікелей рейс ашылады


Қаулы жобасы 24 қазанға дейін жария талқыға ұсынылған.