USD: 485.1 / 489.1
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстандықтар Сейшел аралдарына визасыз бара алады. Үкімет қаулысының жобасы жарияланды

Мұндай келісім президенттің Нью-Йорк қаласына сапары аясында жасалған болатын.

Сыртқы істер министрлігі Ашық НҚА порталында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сейшел Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы" Үкімет қаулысының жобасын жариялады.

Жобада келісім мәтіні таныстырылған. Оған сәйкес, қазақстандықтардың Сейшел республикасының аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге баруы үшін оларды визалық талаптардан босату жоспарланып отыр. 

Сәйкесінше, Сейшел республикасы азаматтарының Қазақстанда болуы үшін де дәл осындай шарттар қолданылады.

Көрсетілген мерзімнен артығырақ болу үшін азаматтар баратын елдің заңнамасына сәйкес келетін виза рәсімдеуі тиіс.


Оқи отырыңыз: Қаңтарда Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында тікелей рейс ашылады


Қаулы жобасы 24 қазанға дейін жария талқыға ұсынылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз