Бахтияр Зайнутдинов Бешикташ командасымен келісімшартқа отыруға келіссөз жүргізу үшін Стамбул қаласына келді. 

Футболшының суреті түрік командасының Instagram парақшасында жарияланды.

"Келіссөздерді аяқтау үшін қазақстандық футболшы Бахтиёр Зайнутдинов Ыстамбұлға ұшты. Біздің вице-президент Серхан Четинсай Бахтиёр Зайнутдиновты әуежайдан күтіп алды", – деп жазды клуб.


Оқи отырыңыз: 3,5 млн теңгеден беріледі: Қазақстанда "Үздік педагог" республикалық байқауы басталды


Transfermarkt.de мәліметінше Зайнутдиновтың нарықтағы "құны" 6 миллион еуроны құрайды. "Бешикташта" Қазақстан құрамасы ойыншысының жалақысы бір маусымда шамамен 1,2 млн еуро болады. Келісімшарт 2027 жылдың жазына дейін жалғасады..

Айтпақшы, Зайнутдинов Түркия чемпионатында легионер болып саналмайды. Жаңа ережелер бойынша суперлиганың әрбір қатысушысы 14 легионерден басқа түркітілдес елден: Әзербайжан, Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан немесе Өзбекстаннан келген тағы бір футболшыны қосымша мәлімдей алады.