Тікелей эфир

3,5 млн теңгеден беріледі: Қазақстанда "Үздік педагог" республикалық байқауы басталды

"Үздік педагог" республикалық байқауының бірінші кезеңіне қатысуға 1311 өтінім берілген.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 64 жеңімпаз "Үздік педагог" куәлігімен, "Үздік педагог" төсбелгісімен және 1 000 АЕК, яғни 3 450 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Байқауға меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттық педагог қызметкерлері қатыса алады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

"Байқау үш кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық. Үміткердің педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері және конкурсқа қатысу кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық тәжірибесі болуы керек", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Байқаудың бірінші кезеңіне қатысуға 1311 өтінім берілген. Қазіргі уақытта аудандық, қалалық комиссия олардың портфолиосын бағалау жұмыстарын жүргізуде. Екінші кезеңде әр аудан, қаладан 100 ұпайдың 80 пайызынан кем емес ұпай жинаған 10 қатысушы таңдалады. Республикалық байқаудың үшінші кезеңі осы жылдың қыркүйек айында өтеді.


Оқи отырыңыз: Оқу министрлігі "Үздік педагог" байқауының шарттарын түсіндірді. Биыл ережеге бірқатар өзгеріс енгізілген.


 

Серіктестер жаңалықтары