Тікелей эфир

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтияр Зайнутдинов Түркияның "Бешикташ" клубына ауысты

Фото: instagram.com/besiktas
Фото: instagram.com/besiktas
"Бешикташта" Қазақстан құрамасы ойыншысының жалақысы бір маусымда шамамен 1,2 млн еуро болады.

Бахтияр Зайнутдинов Бешикташ командасымен келісімшартқа отыруға келіссөз жүргізу үшін Стамбул қаласына келді. 

Футболшының суреті түрік командасының Instagram парақшасында жарияланды.

"Келіссөздерді аяқтау үшін қазақстандық футболшы Бахтиёр Зайнутдинов Ыстамбұлға ұшты. Біздің вице-президент Серхан Четинсай Бахтиёр Зайнутдиновты әуежайдан күтіп алды", – деп жазды клуб.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Beşiktaş JK (@besiktas)


Оқи отырыңыз: 3,5 млн теңгеден беріледі: Қазақстанда "Үздік педагог" республикалық байқауы басталды


Transfermarkt.de мәліметінше Зайнутдиновтың нарықтағы "құны" 6 миллион еуроны құрайды. "Бешикташта" Қазақстан құрамасы ойыншысының жалақысы бір маусымда шамамен 1,2 млн еуро болады. Келісімшарт 2027 жылдың жазына дейін жалғасады..

Айтпақшы, Зайнутдинов Түркия чемпионатында легионер болып саналмайды. Жаңа ережелер бойынша суперлиганың әрбір қатысушысы 14 легионерден басқа түркітілдес елден: Әзербайжан, Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан немесе Өзбекстаннан келген тағы бір футболшыны қосымша мәлімдей алады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары