Қытайда өтіп жатқан ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада биіктікке секіруден қазақстандық спортшылар финалға шықты. 

Іріктеу жарысында үздік нәтиже көрсеткен 12 спортшы финалға өтті. Қазақстандық спортшылар Кристина Овчинникова мен Надежда Дубовицкая 1,84 және 1,80 ұпай жинап, финалға жолдама алды.

Бүгін сағат 12:00 бойынша Қазақстан медальдық есепте 19-шы орында. Ел қоржынында екі алтын, жеті күміс және он қола бар. 


Оқи отырыңыз: Алматыда Tour of World Class Almaty веложарысы өтіп жатыр. Қай көшелерде көлік қозғалысы шектелді?


6 тамыз күні Чэнду қаласындағы "Шуанлю" стадионында Бейжің уақытымен 18:30-да басталатын финалда 12 спортшы сынға түседі.