Тікелей эфир

Алматыда Tour of World Class Almaty веложарысы өтіп жатыр. Қай көшелерде көлік қозғалысы шектелді?

Бүгін Алматыда Tour of World Class Almaty веложарысы өтуде.

Веложарыстың басталу кестесі:

6:00 – 48,5 шақырым жол жарысы,

6:05  – 33,5 шақырым жол жарысы,

6:11 – 33,5 км тау веложарысы,

9:10 – 14 шақырымға балалар арасындағы жарыс.

48,5 шақырымдық қашықтықта жеңімпаз атанғандар бірінші орынға – 100 мың теңге, екінші орынға – 80 мың, үшінші орынға – 60 мың теңге алады.

"48,5 км, 33,5 км және 14 км қашықтыққа әртүрлі жас санаты бойынша жеңімпаздар медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталады. Барлық қатысушы өзінің жетістігі мен табандылығын білдіретін финиш медалімен марапатталады", - деді ұйымдастырушылар.

Көлік қозғалысы келесі көшелерде шектеледі:

Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі ALMATY ARENA-ға іргелес жолдың қысқа бөлігі 6 тамызда сағат 02:30-дан 17:30-ға дейін екі бағытқа да жабылады.

Доспанова көшесімен айналма жолдан Аднан Мендерес көшесіне дейінгі қозғалыс екі бағытта да сағат 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

Момышұлы көшесі бойынша Аднан Мендерес көшесінен Мөңке Би көшесіне дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

Момышұлы көшесінен Мөңке Би көшесі бойымен Момышұлы көшесінің жалғасына дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

Момышұлы көшесі бойынша Мөңке Би көшесінен БАК бойындағы көшеге дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

БАК бойындағы Момышұлы көшесі бойымен экологиялық бекетке дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.

Индустриялық аймақтың айналасындағы қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.

Деректер веложарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілді.


Оқи отырыңыз: Астананың 25 жылдығына орай қалада веложарыс өтеді.


 

Серіктестер жаңалықтары