Тікелей эфир

Қазақстандық спортшылар Қытайда өтіп жатқан Универсиадада биіктікке секіруден финалға шықты

Ел спортшыларының қоржынында екі алтын, жеті күміс және он қола бар. 

Қытайда өтіп жатқан ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада биіктікке секіруден қазақстандық спортшылар финалға шықты. 

Іріктеу жарысында үздік нәтиже көрсеткен 12 спортшы финалға өтті. Қазақстандық спортшылар Кристина Овчинникова мен Надежда Дубовицкая 1,84 және 1,80 ұпай жинап, финалға жолдама алды.

Бүгін сағат 12:00 бойынша Қазақстан медальдық есепте 19-шы орында. Ел қоржынында екі алтын, жеті күміс және он қола бар. 


Оқи отырыңыз: Алматыда Tour of World Class Almaty веложарысы өтіп жатыр. Қай көшелерде көлік қозғалысы шектелді?


6 тамыз күні Чэнду қаласындағы "Шуанлю" стадионында Бейжің уақытымен 18:30-да басталатын финалда 12 спортшы сынға түседі. 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары