Қазақстанның автокөлік одағы биыл жыл басынан бері елімізде өндірілген автобрендтердің рейтингін жариялады. Алғашқы ондықтың жетеуі – қытайлық бренд болғанымен, олардың ешқайсына алғашқы үш орын бұйырмаған. 

Одақ мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда өндірілген ең танымал он бренд: 

  • Hyundai (10 725); 
  • Chevrolet (8 341); 
  • Kia (5 084); 
  • Changan (4 102);
  • Haval (4 099); 
  • Chery (3 744); 
  • Jetour (2 250); 
  • Geely Galaxy (1 388);
  • Jac (979);
  • Tank (833).

Үш айда өндірілген көліктердің жалпы саны – 45 260. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,8 пайызға артық.

"Алғашқы үш айдың қорытындысы бойынша қазақстандық автоөнеркәсіп тұрақты өсім көрсетіп отыр. Наурыз айындағы жоғары динамиканың сақталуы саладағы оң үрдістерді растайды. Автокомпоненттер сегментінде де айтарлықтай өсім тіркелді. Үш ай ішінде автомобиль бөлшектері мен керек-жарақтарының өндіріс көлемі 259,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артты. Өндірушілер бұл сегментте қарқынды арттыра түседі", – деді ҚАО президенті Анар Мақашева.