Қазақстанда ҰБТ өткізу мерзімі өзгерді
23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады.
Қазақстанда ҰБТ өткізу күні өзгерді, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі.
"Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді", – деп жазылған хабарламада.
23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады.
Тестілеудің жаңа датасы туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетте автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар SMS-хабарлама жолданады.