2025 жылғы негізгі ҰБТ: Үміткерлер қандай бейіндік пәндерді таңдады

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады.

Ұлттық тестілеу орталығы биылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш берген үміткерлердің қандай бейіндік пәндерді таңдағанын хабарлады. 

Ең көп таңдалған пәндер тізімінде "Математика-Физика" (16,5%) мен "Биология-Химия" (15,6%) пәндері көш бастап тұр. Кейінгі үш орынды "Шығармашылық емтихан" (12,2%), "Математика-Информатика" (9,7%) және "Шет тілі-Дүниежүзі тарихы" (8,2%) иеленген. 

Айта кетейік, 2024 жылы да алғашқы бестікте аталған бейіндік пәндер дәл осы ретпен орналасқан болатын. 

Биылғы бейіндік пәндердің толық тізімі төмендегі инфографикада бейнеленген:

Инфографика: Ұлттық тестілеу орталығы

Еске салайық, 28 сәуірде негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды. Тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.

216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген.


Оқи отырыңыз: 2025 жылдан бастап ҰБТ-ның жаңа форматы іске қосылады


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз