Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
Тестілеу 3-22 сәуір аралығында өтеді.2023 жылғы 27 наурызда педагогтердің білімін бағалауға (бұрынғы атауы – ұлттық біліктілік тестілеуі) өтініш қабылдау басталды. Өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданады, деп хабарлады ҰТО баспасөз қызметі.
Тестілеуге келесі санаттарға жататын азаматтар қатыса алады:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
- білім беру ұйымдарының әдіскерлері;
- жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
- қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері;
- білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің басшылары;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері;
- педагогикалық бағыттар бойынша ЖОО және колледж бітіруші түлектері;
- педагогикалық бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар.
Педагогтердің білімін бағалау 3-22 сәуір аралығында өтеді.
Оқи отырыңыз:
- Мұғалімдерге арналған курс құны қалай есептеледі? Оқу министрлігінің жаңа жобасы
- Мұғалімнің цифрлы профилі жобасы желтоқсанда іске қосылады
Еске салайық, педагогтердің білімін бағалау педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізіледі. Тест сынақтарын білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.
Тест 50 тапсырмадан тұрады:
- "Пәндік білім" бойынша – 30 тапсырма;
- "Оқыту әдістемесі" бойынша – 20 тапсырма.
Тапсырмалар формасы бойынша екі түрлі болады:
- бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар;
- бір дұрыс жауабы бар мәнмәтіндік тапсырмалар.
Тест тапсыруға 90 минут уақыт берілсе, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін тест 125 минутқа созылады.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда педагогикалық университеттер консорциумы құрылды
- Қазақстанда мұғалімдер күні 5 қазанда мерекеленеді. Үкімет қаулысы күшіне енді