Консорциум мұғалімдердің білім беру және ғылыми зерттеу бағытында ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік береді.
Қазақстанда педагогикалық университеттердің консорциумы құрылды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Консорциумға педагогикалық бағыттағы 5 жоғары оқу орны кірді:
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
- Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
- Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті.
"Педагогика бағытындағы университеттердің консорциумын құрудың мақсаты – педагогикалық білім мен ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Педагогтер мен психологтар үшін арнайы магистратура бөлімі ашылады
Университеттер қызметкерлер мен ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, бакалавриат, магистранттарды және докторанттарды даярлау бойынша шараларды бірлесе жүзеге асыра алады. Сол арқылы мұғалімдердің білім беру және ғылыми зерттеу бағытында ынтымақтастық орнату мүмкіндігін алады.
Сондай-ақ ғылыми тағылымдамалар, бірлескен ғылыми жобалар, семинарлар мен ғылыми конференциялар және тіл курстарын ұйымдастырып, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын дамыта алады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-