Қазақстанда Google, Amazon үлгісі бойынша корпоративтік балабақшалар ашылмақ. Оның ерекшелігі неде
Мұндай балабақшаларды ашуға ірі компаниялардың әлеуеті тартылмақ.Қазақстанда ірі компаниялардың жанынан ведомстволық немесе корпоративтік балабақшалар ашу жоспарланып отыр. Мұндай өзгеріс Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілмек.
Оқу-ағарту министрлігінің жоспарынша, корпоративтік балабақшалар ашуда әлемдік Google, Apple сынды компанияларының үлгісін алуға болады.
Корпоративтік балабақша ірі компанияларының кеңселерінде немесе кеңселерінің жанынан ашылады. Қызметкерлер балаларын мұндай орталықтарға бірнеше сағатқа не бір күнге қалдыруына болады.
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымының бұл моделі Еуропа мен АҚШ-тағы ірі компанияларда кеңінен қолданылды. Google, Apple моделі бойынша ірі ұйымдардың жанынан корпоративтік балалар орталықтарын құруға қолдау көрсетіледі. Ірі жұмыс берушілердің әлеуетін тарта отырып, осы халықаралық тәжірибе Қазақстанда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін де қолданылуы мүмкін", – делінген тұжырымдаманың жаңа жобасында.
Мемлекет бұл ретте компанияларға корпоративтік балабақша ашуда қолдау көрсетеді.
Оқи отырыңыз: Қызылордада 40 жекеменшік балабақша жабылып, мыңдаған адам жұмыссыз қалмақ